Трансвестит болармысың?

Бүгін, оһ, бүгін жаман болды

Бүгін өзі енді қатты жаман болмаса да, жақсы ештеңе болмады. Ченнайдың бұрын болмаған районына жолым түсіп, жолай трансвеститтерді өте жақыннан көргуе тура келді. Енді алғаш көргенім емес, алдында да үй жақта көріп жүрген болатынмын. Бірақ, олар маған келіп ештеңе деп сөйлемей, олар өз жөндерімен, мен өз жөніммен кететінбіз.

Бүгінгі көргендерім тура қасыма жетіп келіп: «Ей, жапонка, давай бізге ақша бер!» дейді ғо. Алдымда бір үлкен кісі кетіп бара жатқан, аналардың айтқанын ести сала, қалт тоқтай қалды. Маған көмектескісі келді ғо дим, тоқтап, мені күтіп тұрды. Транстарға қараған мен жоқ, аялдама қайдасың деп кете бардым. Дегенмен, аяқ астынан біреу жолыңды кес-кестеп тұра қалса сасып қалады екенсің.

Айтқым келгені, Ченнайда сондай кісілер көп, ия әйел екенін, ия еркек екенін әлі күнге дейін түсіне алар емеспін. Өздері топ болып жүреді. Құдды бір, жұртқа өткізіп қойғандары бар сияқты, өктем сөйлейді. Дүкендерге кіріп ақша жинап жүргендерін талай көргем, соған қарағанда қайыршылар ма деп те қалам кейде. Кигендері сари, алайда дауыстары ерлердің даусы, бірақ қыздар секілді боянып жүреді.

Жұрттан сұрасам, бірі транстар десе, бірі сондай каста дейді, түсініп болмайды бір сөзбен айтқанда 🙂

1 thought on “Трансвестит болармысың?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s