Ия, ұмытқым жоқ. Кешегі күннің өзге күндерден ерекшелігі сол, Едігемен қаланың мен көрмеген жерлерін аралап, уақытты барынша керемет өткізгеніміз.
Негізі, Едігімен айына бір-екі рет кездесіп тұру әдетке айналған. Сол күндерде уақыт сондай жүйрік болып, тееееееееез өтіп кетері бар. Кешегі күн де солай, тез өте шықты, бірақ, алдыңғы күндерден өзгерек. Несімен өзге екенін әлі де түсіне алар емеспін, дегенмен жүректе шаттық, көңілде қуаныш.
Мүмкін екеуміз де келер апта туғандармен кездесеміз деп өте көңілді болғандықтан, мүмкін емтихандардың көбісі артта қалды деп жеңілдегендіктен? Әйтеуір көөөп сөйледік, ашық болдық, ренжіген реніштерімізді де ақтарып тастадық. Едігені өзге қырынан танып, одан бетер осындай жерлесім барлығына мақтанышым арта түскенін айтқым бар :).
Кешегі күннің басты жаңалығы, Едігенің өз туындысын тыңдауым, ұнады. Сонымен қатар, бұрынғы, мектепте жаттаған өлеңдерді еске алып, оны оқып бергені үшін де разымын. Екеуміздің де жақсы көрген өлеңіміз бір екен, Лермонтовтың «Парусы». Сондай-ақ, бір моменттің ішінде Ченнайда емес, өзге мемлекетте жүргендей әсер сыйлады ғо, несін айтасыз ;).
Сол кешегі күн еш ұмытылмай, мәңгі жадымда қалсын, әрі сіздермен қуанышымды бөліспек мақсатында жазылған пост, не жазып кетті демегейсіз :).