Осыдан бірнеше жыл бұрын күн аяз, жер тайғақта мамам екеуміз роддомға жолға шыққан болатынбыз. Сестрамды роддомға алып кетті деген хабар келген. Босанды ма екен, әлде жоқ? Қыз, ұл? – деп тәй-тәй басып келеміз, себебі сол жылы Қызылорда ерекше салқын, аязды, көк тайғақты болған еді. Сөйтіп тәй-тәйлатып келе жатқанда көк мұздың арасынан мамам алтын алқа тауып алды. Қыз босанады екен деп шештік :).
Әйтеуір роддомға да жеттік, сөйтсек қызды болыппыз! Өмірі әсем әндей болсын, жарқын көңілмен ғұмырын әндетіп өтсін деп атын Әнет қойдық. Әнет мен үшін Антошка болғаны қашан :).
Бүгін сол Антошкамның дүние есігін ашқан күні.
Антошкам менің! Саған бұл өмірдегі барлық жақсылықты, ізгілікті тілеймін! Аңсаған армандарыңа аман-есен, еш қиналмастан жеткізсін Алла! Ата-анаңның, туғандарыңның қуанышы, іні-сіңілдеріңе ардақты апатай болып, бақытты ғұмыр кеш!