Мазаны алған жөтел-ай

Түйгеніммен бөліссем бе дим өздеріңізбен 🙂 

Дәрісіз, емдік шөптермен емделуге көштім соңғы уақытта. Желтоқсан айында қатты жөтел қысып, ангина көтеріліп ауырғанмын. Сол кезде дәрі де іштім, сироп та іштім, халық ем-домдарын да жасадым, кете қоймады. Содан жазда Бурабайда жинаған шөптерім есіме түсті де, төмендегі шөптерді қайнатып іштім. 
1) 1000жапырақ,
2) итмұрын
3) чабрец
4) зверобой

Сізге өтірік, маған шын, 1 күнде жазылып кеттім. Өзі Индияға жол жүрер кез еді, Алматыға қарай пойызға отырғанда 1,5л баклашка малина қосылған сусынды ғана ішіп бардым. Ертесіне пойыздан түскенде жөтел де жоқ, ауру да жоқ болды.

Бұл жолы да дәл солай ауырдым. Бұл жолы енді дәрі де, сироп та ішпедім. Бірден шөптерді қайнаттым, тек бұл жолы жоғарыдағы шөптерге ромашка қосқанмын. Алдындағыдай әсер болмады. Оппа деп, 2-ші күні тағы да қайнатып іштім, неа, жөтелім тоқтамаса да, бәсеңдеді. Қосымша бал қосылған сүт іштім. Тәуір болып қалғанымда жұмысқа барам деп, қайта жөтеліп қалдым, оған температура қосылды. Индиядан алып келген суыққа қарсы бальзамым бар болатын, соны жақтым, тұз бен ас содасын қосып ванна қабылдадым. Керемет-ақ болды, өкінішке орай, ұзаққа созылмады, далаға шыққаннан кейін тағы ұстап қалды.

Одан келіп қара тұрыпқа көштім. Қара тұрыпты теркадан өткізіп, сөліне бал араластырып ішкенмін, ол да көмектесті, жөтел тоқтады, температура түсті, ұйқы тыныш болды. Әттең, далаға шыққасын тағы да қайталанды жөтел. Содан ойлана келе, ромашкасыз жоғарыдағы шөптерді қайнатып ішелін деп, соны іштім. Упс, бұл жолы әсерлі болды, жөтел кетті, ұйқы тыныш, әрі іш босап қалды. Далаға да шықтым, жөтел қайталанбады.

Бағанадан не жазғым келді дейсіз. Айтқым келгені, шөптерді қайнатып ішкенде, құрамы өте маңызды екен. Ромашканың әсері өзгеше болып тұр, қанша воспалениеге қарсы болса да. Оның әсері ана женскийдің салқындауында тиімді ғой дим деп, жөтелге қарсы әсері болмай тұр.

Сөз аяғында айтарым, негізі ауырмаған, аурудың алдын алған дұрыс, деніміз сау болсын, ешқашан ауырмалық!

Image

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s