Гүлдерді реанимациялау

Бөлмеде жайнап гүл өсіп тұрғаны керемет емес пе, оның үстіне өзіңіз гүл өсіргенді жақсы көретін болсаңыз :).

Драцена Бұрын гүлім көп болатын, Индияға кететін болғасын таныстарыма қалдырып кеткен болатынмын қарай тұрыңыз деп. Астанаға оралғанда ең бірінші асыққаным осы гүлдерім болатын, өкінішке орай, біраз гүлім өліп қалыпты :(. Орнын толтыру керек олардың енді. Қалған гүлдерімнен де айырылып қала жаздадым емес пе қыстың күні көшем деп жүргенде. Мына суреттерде көрсетілген екі гүлім қыстың суығын көтере алмай, жаңа үйге көшкенде сола бастады. Әсіресе, драценаға қарау мүмкін емес еді. Барлық жапырақтары сарғайып, одан қоңырланып түсе бастады. Ақыры не керек сопиып діңгегі ғана қалды бір апта ішінде.

Ал, хамедорея болса драцена сияқты бірден ауырмаса да, ол да ақырында сарғайып кетті. Шыны керек, гүлдерім аз қалды деп жүргенде мына соққы қатты тиді. Не істесем екен деп бас та қатты, тыңайтқыш сатып алып, сонымен қоректендіріп көрсем қалай болады екен деген ойға келдім соңында. Содан да өліп қалған жапырақ пен терекшелерді кесіп алып тастадым.Хамедорея

Тыңайтқыш

Дүкеннен мынадай тыңайтқыш сатып алып, осымен екі аптада бір қоректендіре бастадым. Үміт дегенді қойсаңызшы, өлді деуге қимай, гүлдердің қайта тірілуін тілеп, күнде гүлдерді тексерумен болдым. Екі ай дегенде гүлдеріме жан кіре бастағанын көрген мендегі қуанышты айтсаңызшы :). Қазір гүлдерім, тпәй-тпәй, жайнап келеді. Оны жоғарыдағы суреттерден көрсеңіз болады. Суреттерде гүлдердің реанимациядан шыққаны көрініп тұр, алайда уақыт өте келе гүлдерімнің бұдан да әдемі болатынына сенімім мол :).

Егер де гүліңіз ауырып қалса, гүліңізбен қоштасуға асықпаңыз. Шыдамдылық танытып, емдеп көріңіз. Кім біледі, үмітсіз шайтан деген 😉

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s