Қолшатыр ұстайсыз ба?

Тақырыптан белгілі болып тұрғандай, әңгіме қолшатыр жайлы болмақ. Күнделікті өмірде қолшатыр қолданамыз ба? Қолшатырдың пайдасы мен зияны жайлы әңгіме толғап көрсек

ҚолшатырАлдымен қолшатыр тарихымен танысып алсақ артық болмас, солай емес пе? Жобамен қолшатыр Үндістанда пайда болып, Қытай арқылы Ұлы Жібек жолымен әлемге таралады. Бастапқы қолшатыр сабаннан жасалған, сабы бар бас киім болған. Кейін әртүрлі матадан жасала бастайды. Қолшатырдың нақты шығу күні белгісіз, алайда ежелгі Үндістан, Египет, Грекия, Жапония және Қытай елдерінде қолданыста болған. Қолшатыр байлық пен тақ белгісі болғанын да айта өткен дұрыс болар. Египет фараондары, қытай императорлары уақытында тек қана фараон мен император отбасының мүшелері ғана қолдана алған. Кейін мемлекеттің айбындылығын көрсету мақсатында мемлекеттік атрибут ретінде елшілер қолданысқа енгізеді. Ағылшын тілінде қолшатыр «umbrella» екенін мектеп қабырғасында жүргенде танысып білдік. Сонымен, сөз этимологиясы не дейді? «Umbra» — латын тілінде көлеңке деген мағына береді екен. Қолшатыр алғашында күннен қорғану құралы болып ойластырылған, уақыт өте келе шығысымыздағы көршіміз, қытайлықтарды айтамын да, қолшатырды күннен ғана емес, сондай-ақ жаңбырдан қорғану мақсатында қолдана бастайды.

Осылай тарихы тереңге кеткен қолшатырдың қандай артықшылығы бар екен? Қолшатырды қазіргі уақытта қолдану тиімділігі:
1. Жаздың күні күн радиациясынан, күн өтуден қорғайды;
2. Шаштың күнге күйіп, ұштануынан қорғайды;
3. Терінің қарайып, пигменттік дақтардың пайда болуына жол бермейді;
4. Ультракүлгін сәуледен терінің ерте қартайып, бетке әжім түсуінен қорғайды;
5. Бет терісінің желге қақталуынан қорғайды;
6. Көлеңке береді;
7. Жаңбырдан қорғайды;
8. Көшеде келе жатып ұялы телефоныңызды еркін қолдануға мүмкіндік береді (дисплейі көрінбей, күннен қолымызбен қалқалап, болмаса көлеңке іздейтініміз рас емес пе, ие?);
9. Желден ықтасын болады;
10. Көшеде инкогнито қалғыңыз келсе, таптырмас құрал;
11. Ерекшелігіңізді, стиліңізді дараландыруда қолдануға болады;
12. Балдақ ретінде ұстауға болады;
13. Қымбат емес;
14. Меланома ауруының алдын алуға бірден-бір қажетті дүние!
Әрине, тиімділік болған жерде, кемшілік те болады. Қолшатырдың қандай кемшілігі барын сізден білгім келеді, құрметті оқырман 🙂

Қазіргі таңда әртүрлі стильдегі, дизайны ерекше қолшатырлар қолжетімді, дегенмен осыншама пайдасы бар қолшатырдың біздің елде қолданылуы қалай? Қолшатыр ұстайсыз ба?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s