Үйіңізде фитбол болса

Соңғы уақытта белім жиі мазалайтын болды. Дәрігерге көрінгенімде, бел-омыртқа остеохондрозы деген диагноз қойылды. Мұның барлығы лаптоп алдында отырып алып, қимылдауды азайтып, жаттығу жасауды ұмытқандығымнан.  

imagesШыны керек, қазір жалқау болып алдық қой. Лаптобың болса, ғаламторың болса көп нәрсені үйде отырып-ақ бітіре беретін болдық. Кітапханаға бармаймыз, тамақ істеуге ерініп, онлайн тапсырыс бере саламыз, сауданы да онлайн жасаймыз, свет, суды да онлайн төлей саламыз. Қимылдың болмауы, тапжылмай лаптоп, теледидар алдында отыру денсаулығымызға кері әсерін тигізуде. 

Жоғарыда айтқанымдай, бел-омыртқа остеохондрозы ауруына шалдықтым. Диагноз қойылған күні фитбол сатып алдым. Фитбол – омыртқа ауруында омыртқаға салмақ салмай, күнделікті жаттығу жасау арқылы емдеуге болатын тиімді аксессуар. Ғаламторда фитболмен жасауға болатын жаттығу түрлері көп-ақ. Қазір фитбол жайлы айтқым келіп отырғаны оны  қолданудың басқа жолдары. 

  1. Орындық ретінде қолдану. Шынын айтсам, үйімде орындық жоқ, жерге отыру салтын ұстанатын кісімін 🙂 Сонымен, фитболды айна алдында орындық ретінде қолданамын. Дене балансын ұстауды, түзу отыруға машықтандырады. 
  2. Жастық ретінде қолдану. Лаптоп, теледидар алдында отырғанда арқама жастық ретінде қолданамын. Стол алдында фитболға сүйеніп отырамын. Беліме түсетін салмақты азайтып, бүкірейіп отыруыма жол бермейді. Арасында фитболға басымды қойып, омыртқамды демалдырып аламын 🙂 
  3. Аяққа көпшік ретінде қолдану. Аяқты көтеріп жатуға болмайды, дұшпандарың басыңа шығады дейді ғой қазақ. Сондықтан шаршап келген күні аяғымды фитболға қойып жатамын, шаршағаны басылып, жақсы ұйықтаймын 🙂 

Сіздің қандай фитболды қолдану жолдарыңыз бар, бөлісе отырыңыз 😉 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s