I love you…

Оһ, осы сөздерді қалай күттім. Өзімді соған дайындадым да ғо.

I love you too…

Бірақ… бірақ, асыға күткен сөздерді естігенде, төбемнен жай ұрғандай, орнымнан атып тұрдым, сол мезетте денем мұздап сала берді. Ал, дайындап қойған жауабым ше? Айтылмады, еске түспеді, іште қалды…

You are joking…

Өз дауысымды естіп, ернімді тістелей түстім, абдырадым, тез-тез өзіңмен қоштасқым келді, қоштастым да…

Енді міне отырмын, жүрегім ат ойнақтап, көңілім алай-дүлей…

Не жауап қатқан едің? Есімде жоқ, бар болғаны күлкің қалыпты жадымда…

Жылағым келіп отыр…

Бір жағынан… Ия, бір жағынан бақыттымын деп айқайлағым да келіп отыр…

Өмірімдегі қатты естігім келген сөздер өзіңнен… I love you… Ғажап, ғажайып сөздер, бір мезетте мың құбылған сезімге бөлеген сөздер…

Мәңгі бірге болайықшы… деп тілек тілеудемін Алладан.

 

PS: Көптен блогыма кірмедім, бұл постты бес жыл бұрын жазып, жарияламаппын. Оқып отырып, расымен болған жай ма деп таң қалып отырғаным. Ғашықтық сезімі, албырт сезім мың жыл бұрын болған, қазіргі өміріме қатысы жоқтай күйде отырмын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s