Category Archives: Жалпылама

Қолшатыр ұстайсыз ба?

Тақырыптан белгілі болып тұрғандай, әңгіме қолшатыр жайлы болмақ. Күнделікті өмірде қолшатыр қолданамыз ба? Қолшатырдың пайдасы мен зияны жайлы әңгіме толғап көрсек Оқуды жалғастыру

Сағындырған wordpress.com

Шыны керек, блогтың оқырманы болмаса жетім қалады екен. Осыған соңғы уақытта көзім жетті. Құдды бір жұртта қалып қойғандай, ала күйізде болып, жаңа контентпен толтыруға да шабыт болмады. Жатырқап та қалғанмын ба деп қоямын бір оймен.

 

Не дегенмен, қайта оралуыңызбен, құрметті оқырман!!!

Іздеу саламын

Сатыпалды мырзаға іздеу саламын. Осы кісінің соңғы уақытта ғаламторда көрінбей кеткеніне не себеп екен?
«Қалдықыз бен Сатыпалды қайда?» деген тақырыпта пост дайындап, оны жариялаймын деп отырғанда Қалдықыз бойжеткен эфирге қайта шығып, өз жазбаларымен мені қуантып тастады. Ал, Сатеке қалай жоқ, әлі солай жоқ 😦
Сатекесі, қайта оралсаңыз екен ортамызға.