Оһ, осы сөздерді қалай күттім. Өзімді соған дайындадым да ғо.
Category Archives: Сол бір сезім
Антошкам менің!
Осыдан бірнеше жыл бұрын күн аяз, жер тайғақта мамам екеуміз роддомға жолға шыққан болатынбыз. Оқуды жалғастыру
Сағынам сені, Айдар
Алғаш рөлге отырғаным
Алғаш рөлге отырғандағы әсеріңіз қандай болды? Есіңізде ме? Оқуды жалғастыру
Интернет дегендейін…
Негізі компьютерді, одан қалды интернет байланысын ойлап тапқан кісілерге алғысымыз шексіз десем артық айтпаған болармын деп үміттенемін. Оқуды жалғастыру
……..
-Мен өлгенде жылаймысың?
-Жоқ, жыламаймын.
-Сен сонда мені жақсы көрмеймісің?
-Жақсы көрем ғой. Сен өлгенде маған өмір неге керек, пойызға басылып өле саламын.
-Анда-санда анам-ай деп еске алып жыласаң болды ғой маған. Ал, пойызға басылып өлем дегеніңді ұмыт мені жақсы көрсең, өмір сүр, өмір сүр мен үшін… Оқуды жалғастыру
Жүрек деген өлген
Менде өзі жүрек бар ма? Соңғы уақытта осыны көп ойлайтын болыппын. Биологиялық тұрғыдан алып отырған жоқпын әрине, адамгершілік жағынан айтам. Оқуды жалғастыру
Уақыт-ай, осындай шабан ба едің?!
Ия, асыққанда жетпей, күткенде жүрмей қоятын сенің осы қасиетің-ай, уақыт! Өзімді осындай шыдамсызбын деп ойламаған едім, шыдамсыз екенмін, соған қазір көзім жетіп жатыр. Чемоданды жинап қойғаным қашан, алатын билеттердің барлығы да алынды, ендігі сол күн келсе екен тезірек. Сырбай Мәуленовтің мына өлеңіндегі қарт мен бе деймін өзі
Қарттарға күн батпайды,
Қарттарға таң атпайды.
Түн ұйқысы төрт бөлінеді,
Өмір ұзақ сияқты көрінеді.
Бұл Гүлшат қайда асықты деп отырған боларсыздар :), елге асығулымын. Тез-тез емтихандарды бітіріп, елге қайтсам деп армандаулымын.
Қалай таныссам екен өзіңмен, Өркен?
Тақырыпқа қарап, Өркенмен таныса алмай жүр екен деп ойлап қалмаңыз 🙂 . Ол кісімен өмірде танысу бақытына ие болғанымды жасырман Сіздерден, құрметті оқырман! Оқуды жалғастыру
Кетіп барам…
Солай…
Кетіп барам…
Жай да емес, қимастықпен…
Үйге барған сайын, қайтуым осылай қиындап кетеді. Бұл жолы қимас жандарымның арасында мамам жоқ. Мен қайтып келем дегенше аман-есен отырам деген еді, ол да болмады. Айтарым да, көрсетерім де көп еді, ендігі оның барлығы орындалмас арман болып қалды. Жаның жәннатта болсын!!!
Дегенмен, қимаймын…
Кешірім сұраймын
Көптен блогыма жаңа жазба тұрмақ, комменттеріңізге жауап бермедім, сол үшін баршаңыздан кешірім сұраймын. Оқуды жалғастыру
…….
Мен сізге айтқан ба едім
Ұнайсыз деп?
Сұрасам деймін бұған
Қалайсыз деп.
Алайда, білемін-ау
Амал нешік,
Сіздің жол бөлек, менен жырақ,
Менен алыс.