Қарғалар шабуылы

Өміріңізде қарғалар шабуылын көргенсіз бе?

Мен көрдім ғо, көріп қана қоймай, сол шабуылдың нысанасы өзім болдым. Жаман кинодағыдай әсерде қалады екенсіз, күткеніңіз бен алған әсеріңіздің арасы жер мен көктей болып. Кім ойлаған тапа-тал түсте, ел аман, жұрт тынышта қарғадан таяқ жеймін деп.

Ешкімде, ешнәрседе шаруам жоқ, өз ойыммен болып келе жатсам, басымнан бір қарға қанатымен қағып, қарқ етіп ұшып кетті. Әдейі істеді деген ой келіп те үлгермеді, екінші жақтан басқа қарға шыға келіп, ол да қанатымен сабап өткені. Түсінбей, қалт етіп тұра қалғаным сол еді, ана қарғалар бұрыла ұщып, маған қайта төніп келеді. «Жәй ма, сіздердікі?» деп қабағымды түйіп қоямын, соны олар түсіне қойып жайына үшып кететіндей. Алайда, олай болмады. Маған қабақ шыттың-ау, жақпай қалды-ау деп жатқан қарғалар жоқ, тағы да салып өтті. Қанаттары мұндай қатты болар ма, тиген жері ауырды енді сөздің шыны керек. Ендігі қалғаны қарғадан қашу еді деп кіші жүздік қаным ұстап қалып, өздеріне сес көрсетсем, одан сайын екіленеді. Бұл құзғындарды жеңіп абырой таппаспын деп жақын тұрған кафеге тығылуға тура келді ақырында. Оларға нем жақпай қалғанын түсінбедім, түсінбестен қайта шықтым далаға олар кетті-ау деген уақытта 🙂

Еш уақытта құзғындар (құстар болсын, құзғын текті адамдар болсын) бас көтермесін дегім келеді сөз аяғында, аман болалық 😉

11 thoughts on “Қарғалар шабуылы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s