Жеңіске жету жолдары (Үнді аңызы)

Баяғыда тасбақа мен қоян жақсы дос болыпты. Күндіз де, түнде де бірге айнымас достар екен. Тек бір жаманы, қоян тасбақаның шабандығын мазақтай беретін болса керек. Бір күні, қоянның мазағынан шаршаған тасбақа оны жарысқа шақырады. Өзінің жүйріктігіне сенген қоян қабыл алады.

Белгіленген күні, белгіленген уақытта, белгіленген жерде тасбақа мен қоян кездеседі. Ақтық меже сызығы ретінде Майлапурды белгілеп, жарысты бастап кетеді. Қоян ә дегеннен ұзаққа кетіп қалады. Артына қараса, тасбақаның өзі тұрмақ, төбесі де көрінбегесін қоян жолда дамылдап алуды ұйғарып, көлеңкеге қисая кетеді. Ұйқысы қанып, дамылдап алып әрі қарай жүгіріп кетеді. Ақтық межеге келсе, тасбақа көлеңкеде тәтті ұйқыны соғып жатыр екен.

Пәлсапа: Бірқалыпты үздіксіз еңбек шыңға жеткізеді.

Қалай ғана мен тасбақадан жеңіліп қалдым деп қапаланған қоян реванш алмақ болып, тасбақаға тағы да жарысайық дейді. Тасбақа келісімін берген соң белгілі уақытта, белгілі жерде екеуі кездеседі. Ақтық меже ретінде тағы да Майлапурды алып, жарысты бастап жібереді. Бұл жолы намыс қысқан қоян еш жерге тоқтамай, жүгірген бойы межеге алғаш болып жетеді.

Пәлсапа: Қандай да бір мақсатпен істелінген іс жеңіске жетелейді.

Шабан болса да, қояннан жеңілгенін өзіне кешіре алмаған тасбақа күні-түні ойланып, реванш алудың жолын ойлап табады. Қоян тағы да өз күшіне сеніп, келісімін береді. Белгіленген уақытта, белгіленген жерде екеуі тағы да кездеседі. Тасбақа бұл жолы ақтық меже ретінде әуежайды ұсынады. Келісімін берге қоян алға басып, озып кетеді. Жүгіріп келе жатып алдынан өзен шыққанда әрі қарай жүгіре алмай, орнында тұрып қалады. Асықпай жеткен тасбақа өзенге қойып кетеді де, жүзіп әрі қарай кетіп қалады.

Пәлсапа: Өз мүмкіншілігі мен күшін дұрыс бағалаған жеңімпаз атанады.

Қоян мен тасбақа қайтадан жарысуды ұйғарады. Бұл жолы кім озады деп емес, қанша уақытта жеңіске жетуге болатынын анықтап білмек. Содан ақтық меже ретінде қайтадан әуежайды алып, белгіленген уақытта, белгіленген жерде кездеседі. Жарыс басталғанда қоян тасбақаны арқалап алып жүгіріп кетеді. Өзенге келгенде керісінше, тасбақа қоянды арқасына салып алып, өзеннен жүзіп өтіп, әрі қарай жарысты қоян жалғастырады арқасындағы тасбақамен.

Пәлсапа: Ұйымшыл ұжым жеңіске қысқа уақытта жетеді.

2 thoughts on “Жеңіске жету жолдары (Үнді аңызы)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s