Білім, ілім

Үнді елінде өте даңқты музыкант болған екен. Даңқының жатқа тарағаны соншалық, шәкірті болуға көп жан құлшыныпты. Бір күні сол кісіге дәріс алуға екі кісі келіп, өтініш білдіреді. Бір кісі жарлы екен де, екіншісі бай екен.

«Менің алдыма келуге не себеп болды?»-деп сұрақ қойған ұстазға жарлы былай депті:
– Мен өмір бойы музыка үйренсем деп армандап келемін. Дәріс алуға ақшам болмай жүмыс істеп, міне бүгін келдім.
– Мен атақты музыкант болғым келеді сіз секілді. Осы уақытқа дейін мені ешкім түсіне қоймады, мүмкін сіздің дәрісіңізден кейін реті болар деп келіп тұрмын,- деген екен екінші кісі.
Содан ұстаз жарлыны он рупийге, байды жиырма рупиймен оқытуға келісім беріпті.

«Бұл қалай? Екеуіміздің алмақ дәрісіміз бірдей, менің музыкалық сауатым бар, неге мен екі есе төлеу керекпін?»-деп сұрапты ана кісі.

«Саған білім беру үшін мен екі есе күш жұмсаймын. Алдымен, санаңдағы қате білімді жоюым керек, содан соң орнына жаңа білім құюға күш саламын»-деген екен атақты музыкант.

Бұл әңгіменің пәлсапасы: Ұстаз алдына білемін деп емес, білгім келеді деп келмек керек.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s