Негізі компьютерді, одан қалды интернет байланысын ойлап тапқан кісілерге алғысымыз шексіз десем артық айтпаған болармын деп үміттенемін.
Бұрындары, оһ-аһ, біршама уақыт өткен екен де, компьютерсіз, интернетсіз, сымсыз телефонсыз өмір басқалай еді. Негізі, өткенді жиі еске алып тұрады екенмін қашан да. Дәм айдап Питерде, үлкен апамның қасында жүргенде үйді, елді қатты сағынатынмын. Ол кезде қазіргідей жоғарыда айтылғандар жоқ, аптасына төрт рет болу керек, «Мир» бағдарламасы жүретін телеарнада. Сағат 12.15-те басталатын, бұны енді ұмытпаймын, себебі, 13.30-да басталатын сабаққа өмірі кешігіп баратынмын. Аз ғана ақпаратты естіп-көріп, елге деген сағынышты сәл де болса басатын күндерім-ай деп отырмын қазір :).
Елді қатты сағынғаным соншалық, пойыз Ақтөбеге кіріп, қандастарымды көргенде, қазақ тілін естігенде әжетханада жылап та алғанмын. Әлі есімде, домбыра сатып жүрген кісіні жолықтырып, ол кісінің күй тартып бергендегі қатты толқығаным. Қалтамдағы соңғы ақшаны да Ақтөбеде қалдырдым :), үйге жеткенше шыдамай, қолдың қатығын ішкім келгендігі соншалық болатын 🙂 деп бірді айтып басқаға кетіп қалдым енді :)).
Қазір жақсы-ау, скайппен байланыс, видеожинақтар, онлайн магент, бәрі де сол қазіргі дамудың арқасындағы қол жеткен дүниелер. Дегенмен елге деген сағыныш бәрібір тыныш таппайды екен :).
Жақсы контенттермен ғаламторда жолыға берелік деген ізгі ниетпен, өздеріңіздің Бальзаминкаларыңыз 😉
әжетханада жылап алатының кушті екен!)))))))))))))))))))))))))
негізі, жыламаған ваще күшті 🙂
сағыныш деген ерекше сезім ғой.
менің өмірімде кері әсері көп :))
Кәусар, сізде кісіге деген сағыныш басым ба, әлде…?