Housefull 2

Менің тағы да бір шатырсыз әрекетімнің куәсі болғайсыздар 🙂

Досымның киноға шақырып жүргеніне біраз болып, енді соның сәті түскенде, діттеген фильмге қырсық болғанда билет табылсыншы. Құр қайтқым келмеді шыны керек, содан досымды хинди тіліндегі киноға көндірдім :). Ол да, мен де хинди білмейміз :D. Актерлердің ойынынан, эмоцияларынан бірнәрсе түсінерміз деп қоям ғо досыма.

Сонымен кино қалай болды дерсіз, қызық болды :). Фильм таза хинди тілінде болар деген ойымыз негізсіз болып шықты, ағылшын араластырып сөйлеп жатқандықтан, зал күліп жатқанда «ааа» деп аузымыз ашылмай, қалыспай күліп отырдық :))).

Енді фильм жөнінде айтсам, төрт дос жайлы комедия. Әрине махаббат жайлы, онсыз Болливуд фильмін елестету мүмкін емес қой :D. Фильм барысында сатқындық та, төбелес те көрсетіледі. Бірақ, достық түбінде бәрін жеңіп шығатынына кезекті рет куә болуға болады. Сондай-ақ, адамның бойындағы ақшаға, байлыққа деген құлдық та айтылған.

Әсерлеріме келер болсам, Митхун Чакробортиді көргенде қуанып кеттім шыны керек, бұрынғы танысым алдымнан шыға келгенде қалай қуанбаспын :). Болливуд фильмдерін шетелде түсіруге көшкеніне тағы көзім жетті, жетіп қана қоймай, қызықтым. Себебі, фильм желісі Лондонда өрбіген, ал Лондон менің арманым ғо :). Сосын, костюмдер ұнады, ұлттық болсын, модерн болсын, талғамның жоғары екені айқын.

Фильм соңындағы досымның: «Қандай жақсы болды кіргеніміз, керемет күліп, демалып шықтым, рахмет!» дегеніне қосылып, өзім де өзіме рахмет айттым :). Сөз аяғында айтқым келіп отырғаны, білмегенімізден қорықпалық, жаңаға ұмтылайық, өміріміздің күнделікті сұр реңіне жаңа рең беруге тырысайық ;).

Фильмнің ресми трейлері мынадай екен, қарап көре салыңыз 🙂

Ән тыңдап, хореографияны да тамашалап көріңіз 🙂

Айтпақшы, мына актер, John Abraham , бөле ағама қатты ұқсайды екен 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s