Әке…

Әке сөзінің салмағы, мағынасы ешқашан да маған жеткен емес.

Әкем бір жасымда қайтқан, бұл өмірдегі тірегім де, қамқорым да жалғыз анам деп өскен жан едім. Жетіммін деп айтуға арланбадым, басқалар секілді намыстанбадым. Қайта, жетімдіктен арланатын сыныптасымды түсінбей, таңырқай қарайтыным есімде. Адам өмірге келіп, уақыты келгенде бұл дүниеден өтуі заңдылық деп прагматик болып қалай өскенмін?

Әке…

Неге қазір сенің «Қызым менің!» – деп маңдайымнан сипағаныңды аңсап отырмын?

Неге түн ортасында аяқ астынан «Әке, әкем?!!» – деп өзегім өртенуде?

Неге сені бүгін ғана жоғалтқандай, көз жасым тоқтамастан еңіреп отырмын?

Бейнеңді еске алған сайын неге арқам мұздап отыр?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s